- Advertisement -

Өнерді серік еткен ардагерлер сынға түсті

85

- Advertisement -

Облыстық ардагерлер кеңесі ардагерлердің бос уақытын қызықты өткізу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл жолы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жеңістің 75 жылдығы аясында өнер байқауы ұйымдастырылды. Өнер додасы онлайн форматта өткізілді.

Қазылар алқасы Тараз қаласы мен барлық аудандардан қатысқан ардагерлердің шығармаларын егжей-тегжей талқылай келе, байқауға қатысушы үміткерлердің орындаған туындыларын жанрларға бөліп, сол арқылы бағалап, жеңімпаз ардагерлерді анықтады.

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдерді айту» жанры бойынша қатысқан ардагерлер додасында бірінші орын Жамбыл ауданының қатысушысы А. Сыдықовқа, екінші орын тараздық А. Вундер мен А. Ысқақовқа, үшінші орын жамбылдық А. Камалов және тараздық К. Арыновқа бұйырды.

«Күй» жанры бойынша жамбылдық С.Күзербаев бірінші, таластық С.Айтпай екінші, Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көлбайұлы үшінші орынға лайық деп танылды.

Ал арнау өлең жазған ақындар сынында жамбылдық Байтанғали Төлентаев бірінші, тараздық Мақұлбек Жаналиев пен мойынқұмдық Жапар Сатылғанов екінші, құландық Гүлнәзия Пірімқұлова мен Тараз қаласы «Ардагерлер клубының» мүшесі Орынбасар Саймасаев үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ бірқатар ардагерлер облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Қазылар алқасының ұйғаруымен қала және аудандар арасында аталған байқауға қатысушыларының дайындығы және бейнетаспалары бойынша да жүлделі орындар белгіленді. Бірінші орын Жамбыл ауданына, екінші орын Тараз қаласына, үшінші орын Қордай ауданына берілді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсембекұлы байқауды қорытындылай келе, бақ сынаған ардагерлерге ізгі тілегін арнап, арнайы сыйлықтар тарту етті.

Алдаберді МАҚАШЕВ,

Тараз қалалық ардагерлер

кеңесінің мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support