- Advertisement -

Балаларға базарлық

27

- Advertisement -

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғимаратының ұжымы зауыт қарамағындағы Жастар үйінің балаларына сый-таралғы жасады.

Серіктестіктің SAP консультанты Анель Иржанованың айтуынша, мекеме басшысының тарапынан қолға алынған бастамаға барлығы 270 000 теңге қаражат жиналған.

Жас мамандар жатақханасына барған зауыт өкілдері  39 балаға сыйлық үлестіріп,

құқық бөлімінің бастығы Олег Калентьев жиылған қауымды мерекемен

құттықтады. Бұған мәз-мейрам болған балақайлардың жүзі балбұл жанды. Осыған байланысты Жастар үйінің тұрғыны Ерке Шардарбекова: «1 Мамыр күні серіктестік тарапынан сыйлықтар беріліп, бүлдіршіндеріміз бір қуанып қалды. Зауыт басшылығына сол үшін рахметімізді айтамыз», – деп, ата-аналар атынан алғысын жеткізді.

Альмира ОМАРОВА

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support