- Advertisement -

Жуалыда көкөніс базары ашылды

47

- Advertisement -

Облыстың 80 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Нарбай Ергебековтің тікелей бастамасымен аудандық орталық базардың төңірегіне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Алдымен Бауыржан Үсенов көшесінен Мәншүк Мәметова көшесіне түсетін жолдың қос қапталын алып жатқан жабайы сауда қатарлары алынып, орны тегістеліп, арық жүйесі жүргізілді. Бұзылған сауда қатарларында тұратын кәсіпкерлерге осы маңайдан ашылған бірнеше базардан жылы да жайлы орындар ұсынылды.
Жеке кәсіпкерлер Оңласын Бүтінбаев пен Нарғозы Наурызқұлов екеуі ақылдаса келе, ұн және ет өнімдерін сататын сауда үйінің артындағы бос аралықтан көкөніс сататын базар ашуды ұйғарды.
Жаңа базардағы сауда орындарын жарық және жылы етіп жабдықтауға – төбесін жабуға қос кәсіпкер бірнеше ай бойы қаражаттары мен қажыр-қуатын жұмсады. Тірліктің барлығы орайымен келіп, шаруа аяқталуға таяғанда кәсіпкерлер базарды «Жуалы – жер жәннаты» деп атауды шешті.
Жуырда 70 орынға шақталған осы базардың ашылу салтанаты болды. Іс-шараға Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Көбейсін Хайралапов, ауыл жұртшылығы қатысып, базар иелеріне құтты бастамаларының сәтті болуын тіледі. Жаңа сауда орталығының лентасы қиылғаннан кейін жиналған жұртшылық сауда қатарларын аралап, көкөніс және жеміс-жидек қойылған сөрелерден сауда-саттық жасады.

Абылайхан СӘРСЕН,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support