- Advertisement -

Көне саяхатшылар көзімен қарағанда

67

- Advertisement -

«Тараз – Талас өзені бойындағы қала. Ол V ғасырға дейін салынған».
Земарх,
византиялық елші.
568 жыл.

* * *
«Тараз – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы» .
Сю-ань-Цзан,
Қытай саяхатшысы.

* * *
«Тараз – бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші Мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр».
Әл-Макдиси,
X ғасырдағы араб географы.

* * *
«Таяқ тастасаң тал болып көктейтін» деген мекен осы.
Асан қайғы.

* * *
ІV-V ғасырлар – Талас, Янги Тараз.
1856 жылы – Әулиеата;
1936 жылы – Мирзоян.
1938 жылы – Жамбыл.
1997 жылы – Тараз.

* * *
Тараз қаласы – Тектұрмас-Әулиеата, Қарахан баба, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа Қатын, Шығыс моншасы, тағы басқа XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай.

* * *
Рудаки, Сағди, Жәми, Фирдоуси, Омар Хайям сынды Шығыс күміс көмейлері жырлайтындай, «Мөп-мөлдір көздің қарасын Тараздан ғана табасың».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support