- Advertisement -

Ақынын ардақтаған елденбіз

43

- Advertisement -

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын насихаттау, облыстағы мәдениет пен өнер саласындағы жас мамандар мен талантты жастар, жас ақындарды қолдау мәселелері сөз болды.
Аталған кеңестің бұдан бұрынғы жиындарында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы партия Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова баяндама жасады. Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген тың жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша «Мирас» аймақтық кеңесінің отырыстарында бірқатар ұсыныстар айтылған болатын. Олардың қатарында айтыс өнерін дамыту жолдарын қолға алу және жас ақындар мектебін ашу, өскелең ұрпақтың қажеттілігін өтеуге, туған жердің тарихын тануға арналған анимациялық фильмдер түсіру, облыс аумағында мәдениет пен өнер саласын дамыту шараларын жүзеге асыру, ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру, Жамбыл облысынан шыққан ұлы тұлғаларды халыққа таныту мақсатында «Ұлы Дала есімдері» жобасын қолға алып, жүзеге асыру, Тараз қаласының іргесінде арнайы жабдықталған жазғы серуенге арналған алаңша мен қыстық жабық манежі бар ат спорты кешенін салу сынды кешенді жұмыстар бар.
Сондай-ақ кеңес отырысында партия бағдарламасын насихаттау бойынша Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Эльмира Әбдинова және жас қаламгерлерді қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес мүшелері жан-жақты талқылап, алдағы атқарылар шаруаларды кеңесті.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық кеңестің төрағасы Балабек Нарбаев қорытынды сөз сөйлеп, айтылған ұсыныс-пікірлерді әрқашан партия назарында ұстайтындығын жеткізді.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
«Nur Otan» партиясы облыстық
филиалының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support