- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған монеталар туралы

80

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және банкноттар мен монеталарды айналымға шығару құқығына айрықша ие. Ұлттық Банктің Теңге сарайы ежелгі нақыштаушылардың дәстүрін және заманауи технологияларды өз бойына ойдағыдай үйлестіре отырып, айналымдағы циркуляциялық банкноттар мен монеталарды ғана емес, сонымен қатар алтын (999 сынама) және күміс (925 сынама) коллекциялық монеталарды да шығарады. Мұндай монеталар негізінен кәдесыйлық және коллекциялау заты ретінде пайдаланылады, өйткені күміс пен алтын ешқашан өзінің құнын жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайында шығарылатын алтын және күміс коллекциялық (мерейтойлық және ескерткіш) монеталар «proof» сапасында жасалынады. Қымбат металдан жасалған қазақстандық монеталар бірнеше жыл қатарынан мәртебелі халықаралық нумизамтикалық көрмелерде жүлделі орындарға ие болып жүргенін айта кеткен жөн.
Әдеттегідей, коллекциялық монеталар шектеулі таралымда және белгілі бір тақырыпқа сай шығарылады. Бұл монеталар Қазақстан Республикасы аумағы мен шет елдерде коллекциялық құны бойынша сатылуға арналған. Капсулада шығарылатын инвестициялық алтын монеталардан басқа, коллекциялық монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады, сонымен қатар олар мөлшері, таралымы, құйманың сынамасы және массасы туралы мәліметтері бар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2019 жылғы 2 қазанда коллекциялық монеталардың кезекті топтамасы айналымға шығарылды. Бұл «Көшпенділердің ғибадат жануарлары –тотемдері» монеталар сериясынан «ÚKI» коллекциялық монетасы, «ÚKI» коллекциялық монетасы номиналы 5000 және 500 теңгелігі күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелігі мельхиор қоспасынан жасалынған. Номиналдары 5000 және 500 теңгелік «ÚKI» күміс монетасы рrооf сапасында, мельхиор қоспасындағы монетасы номиналы 200 теңгелігі «proof-like», ал 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасында дайындалған.
Қымбат металдан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алған кезде, монеталарды күту және сақтау ережелерін қолдану қажет. «Рroof» сапасындағы монеталарды жасау кезінде бетін айнадай жылтыр және бейнені күңгірт бедерлі қылатын дәріс пайдаланылады. Монеталардың алғашқы тазалығын сақтау үшін, оларды капсулаға салып жабады. Капсуланың ішінде қалыптасқан микроклиматты сақтау үшін, оны ашуға болмайды. Капсула ашылып, оған ауа кірсе, тотықтану үдерісі күшейеді. Монеталарға тиген кезде, оларда із қалады. Алтын монеталар тотықтанбайды. Бірақ, жоғары сапалы коллекциялық алтын монетаны ашып, оны қолмен ұстасаң, онда із қалады және жалтырағы жойылады.
«Рroof» сапасындағы күміс және алтыннан жасалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коллекциялық монеталарының бағалары, түрлері және сатып алу тәртібі туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://nationalbank.kz ресми интернет-ресурсындағы «Ұлттық валюта» бөлімінде алуға болады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Жамбыл облысында мына мекенжай бойынша – Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй.

Қуаныш Оразғалиев,ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының бөлім бастығы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support