- Advertisement -

Егін бітік, өнім сапалы болсын

117

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында елдің ішкі саясатын қалыптастыру, экономиканы арттыру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, агроөнеркәсіп саласын дамыту сияқты маңызды мәселелерге айрықша басымдық берген. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы саласындағы ресурстардың әлеуетін толық пайдалана отырып, ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіруге бізде барлық мүмкіндік бар.
Президент алдымызға суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайту мәселесін қойып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есеге арттыруға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ Президент Жолдауда фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, оны орындау мақсатында Үкіметтің алдына маңызды міндеттерді қойды. Жолдаудан туындаған міндеттерді басшылыққа алған облыстық аумақтық инспекция облыс аумағында фитосанитариялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш салып келеді. Атап айтсақ, мемлекеттік қызмет көрсету аясында өткен 9 айда облыста 14505 сертификат берілген.
Облысымызда Қырғыз Республикасымен шекаралас 4 фитосанитариялық бақылау бекеті (ФББ) жұмыс істейді. Бұл бекеттерде аталған мерзімде 103 құқық бұзушылық анықталып, 344,171 тонна карантиндік өнім тиеген 91 автокөлік кері қайтарылды. Сондай-ақ 3842 транзиттік көлік тексеріліп, 81002,773 тонна карантиндік өнім белгілі болды. Ал 544 автокөліктен 2707,948 тонна импортталған карантиндік өнім анықталды.
Жалпы, облыста өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 15 жеке және заңды тұлғаға фитосанитария талаптарын бұзғаны үшін 517 625 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ карантиндік аймақ жарияланған жерде орналасқан шаруа қожалықтарға 105 нұсқама, 110 ескертпе хаттар таратылды.
Карантиндік нысандарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Биыл калифорниялық қалқаншалы сымырына қарсы – 74, Т.Рысқұлов ауданында комсток сымырына қарсы 8 гектар алқапқа дәрі себілді. Сонымен қатар, инспекция мамандары қызғылт у кекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары кезінде мемлекеттік қордағы 5178 гектар жер көлемінің мемлекеттік жер қорына тиесілі немесе тиесілі еместігіне анықтау жүргізген болатын. Нәтижесінде, мемлекеттік жер қоры 4354 гектарға өзгергені белгілі болды. Бұл жер Жуалы мен Жамбыл аудандарының аумағында орналасқан. Бүгінгі таңда ол аумақ та химиялық өңдеуден өткізіліп отыр. Бұдан бөлек, америкалық ақ көбелектің 1-ші және 2-ші ұрпағына қарсы жалпы аумағы 51 гектар жер өңделді.
Былтыр филиал мамандары зиянкестерге қарсы 203 808 гектар егіске химиялық өңдеу жүргізсе, биыл ол 74 325 гектар алқапты құрап отыр. Үйірлі шегірткеге қарсы 64 535 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық бюджеттен 56 193 мың теңге қаражат жұмсалған.
Ал итальяндық прус шегірткесі бойынша жоспарланған 400 мың гектар алқапқа тексеру жүргізіліп, дернәсілдердің қоныстануы 104 123 гектарда анықталып, дәрілеу жұмыстары талапқа сай атқарылды. Азиат шегірткесі дернәсілдеріне қарсы ұшақ арқылы өңдеу жұмыстарымен «Аэросервис-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жер үсті өңдеу тәсілімен «Фитосанитария» РМКМ-і айналысты.
Жалпы, марокколық пен итальяндық прус шегіртке дернәсілдеріне қарсы өңдеу – 94, аса қауіпті шегірткелерге қарсы өңдеу 34,97 пайыз орындалды. Бұдан басқа зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бірқатар мекемелер жүргізген болатын. Атап айтсақ, «АгроСЛА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9000 гектар егістік алқаптарының зиянды бақашық қандаласына, «Есбергенов Е» жеке кәсіпкері 340 гектардағы тышқан тектес кеміргіштерге, «Фитосанитария» РМКМ-нің филиалы 450 гектар картоп алқаптарының зиянкесі – колорадо қоңызына қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстардың барысында дернәсілдердің таралу аймағы едәуір кеміген.
Биыл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерік Кодексінің 137-бабына сәйкес облыстағы асыл тұқымды және тауарлы шаруашылықтарға 194 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 15 шаруашылыққа ұсыным хаттар жолданды.
Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастаған «Селекция» ЖШС-на және Меркі ауданындағы «Асыл тұқым Меркі» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерілген субъектілер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы реестріне тіркелді.
Облыста асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсіретін шаруашылықтардың қатары артып келеді. Бұл бір жағы ет экспортының артуына да өз септігін тигізетіндігі белгілі. Облыста асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту үшін өңірдегі мүйізді ірі қара өсіріп отырған шаруа қожалықтары өңіріміз бен басқа аймақтарға барлығы 1623 бас бұқа саудалаған.
Сондай-ақ қолдан ұрықтандыру жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуде. «Асылдандыру-Тараз» ЖШС дистрибьютерлік орталығы қоймасындағы өндіруші бұқалардың ұрықтарының есебіне мониторинг жүргізіліп тұрады.

Нұрби ЖІГІТЕКОВ,
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік
инспекция комитетінің
Жамбыл облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support