- Advertisement -

Айрықша бақылауда болады

26

- Advertisement -

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен «Doing Business» рейтінгінде және басқа рейтингте Жамбыл облысының позициясын жақсарту мәселелері қаралды. Жиында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев көрсеткіштерге тоқталып, оның себеп-салдарын баяндады.
Өңірлер арасындағы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға негізделген» рейтинг жылына бір мәрте сауалнама негізінде құрылады. Онда 4 индикатор бойынша бағалау жүйесі қалыптастырылған. Олар: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және меншікті тіркеу.
Басқарма басшысы әр индикаторға жекелей жасалынған талдау нәтижелеріне тоқталды. Айталық, кәсіпорындарды тіркеу индикаторы бойынша облыстағы жағдайды алғашқы орындағы Нұр-Сұлтан қаласымен салыстырмалы түрде жеткізді. Бұл орайда өңірдегі қызмет көрсету рәсімдері Нұр-Сұлтан қаласынан 2 бірлікке көп және құны 1,2 пайызға жоғары екендігі анықталған. Оған себеп ретінде құрылтай құжаттарын дайындау үшін заңгерді жалға алу қызметі Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілмегендігі мен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркеу қызметтері біріктірілгендігі айтылды. Басқарма басшысы басқа да бағыттар бойынша орын алып отырған нәтижелердің себеп-салдарын түсіндіруге тырысты.
Жалпы, негізгі көрсетілетін қызметтердің көрсетілу мерзімі мен құны, ұсынылатын құжаттар тізілімінің бекітілген стандарттары бар. Ол туралы толық мағлұматтар қызметті ұсынушы мемлекеттік органдардың сайттарында немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасуы тиіс екендігін айтқан баяндамашы кәсіпкерлерді өз құқықтарын білуге шақырды.
Асқар Исабекұлы көрсеткіштерге сәйкес кеткен кемшіліктерге шынайы тексерістер жүргізу, бұған қатысты мемлекеттік мекемелердің филиалдарының қызмет көрсету бағаларын саралап, өзге өңірлермен салыстырмалы түрде зерделеу шараларын ұйымдастыру керектігін баса айтты. Сондай-ақ аталмыш рейтингтің маңыздылығына тоқталып, кәсібін ашам деушілерге қолайлы жағдай жасау, монополиялық қызмет көрсету нысандарының тарифтерін жүйелеу, көрсетілетін қызмет сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне айрықша назар аудартты. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу барысы айрықша бақылауда болатынын атап өтті.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support