- Advertisement -

Алаңшаның құрылысы неге бітпей қалды?

37

- Advertisement -

«Aq jol» газетінің №52 нөмірінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің спорт алаңшаларын салу жөнінде өткізген басқосуынан ақпар берілген еді. Материалды оқи отырып, қолыма қалам алуға тура келді.
Неге десеңіз, былтыр Тараз қаласының 6-ықшам ауданына қарасты нөмірі 9 және 12-үйдің арасына шағын футбол алаңы салынып жатқанын көріп, тұрғындар қуанышқа кенелген еді. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі жан-жағы темір тормен бекітіліп, құм аралас шағалтас төгіле бастаған алаңшаның сол жұмысы тоқтағанына биыл екінші жыл. Қазір тіпті темір торлары да быт-шыты шығып, жарамсыз күйге түсуде.
Ал осы маңға жақын «Зербұлақ» көлінің солтүстік-батыс жағында орналасқан шағын футбол алаңшасын көріп, жазғы каникулда ойнайтын жер таппай қынжылған «Талас» шағын ауданының жас жеткіншектері бізде де осындай болса ғой деп қызығады.
Сондықтан олардың ата-аналары да тиісті мекемелер аяқсыз қалдырған жұмысын қайта қолға алып, тезірек бітіріп берсе екен дейді.

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support