«5» пен «2»

9

(Сықақ)

Көпен Әмірбек.

Еңкіш бел «Екілікке» сес қып,
Қожаңдады «Бестік»
— «2» деген сұмырай,
— Көгермейміз құрымай!
«2» кім?
Қытығы жоқ бетінің!

Милау балаға мұғалім:
«Дым білмейсің, шырағым.
Отыр, «2» дейді,
Одан артық жекімейді.

Екі сөйлеген еркекті
«Ер» демейді,
Екі жүзді қуларың
Ешқашан терлемейді.

«Екі сиыр – айран,
Екі қатын – ойран»
Деген сөзге қарасаң,
«2» оңған сан емес.

Екіленіп «2» де:
– Жаппа, – деді бәле «Бес»
Неге керек дүрдей егес?!
«Бес саусақ та бірдей емес».

Comments are closed.