- Advertisement -

«Баласағұнда» өткен бостандық толғауы

76

- Advertisement -

Тәуелсіздік күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы «Тәуелсіздік толғауы» атты концерттік бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.
Мерекелік шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери үрмелі аспаптар оркестрі, «Кәусар» вокалдық, «Ақкербез» би ансамблі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Е.Рысметов, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Ә.Уашева, Д.Байзілдаев, Е.Ибаділдаев, Ә.Абдуалиева, Д.Әлібеков, Б.Муминов және өзгелер өнерлерін ортаға салды.
Бағдарламаға сай өнерпаздар мен оркестр дирижер Адай Жұматтың жетекшілігімен Нұрғиса Тілендиевтің «Атадан мұра», Л.Хамидидің «Бұлбұл», Ә.Желдібаевтың «Тұран елі» шығармаларын тарту етті.
Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» шығармасы шырқалғанда залға жиналған жұртшылық қосыла әндетті. Мерекелік шара Құрманғазының «Сарыарқа» атты туындысымен түйінделді. Бұл күні Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрі репертуарын жаңартып, мазмұнды дүниелермен байыта түскені қуантты. Бағдарламаға әлемдік деңгейдегі шығармалардың қосылғаны – үлкен олжа. Қысқасы, «Тәуелсіздік толғауы» деген атпен жұрт­шы­лықтың назарына ұсынылған концерттік бағдар­лама жүректерге жетті.

Т. Мұсылманқұл.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support