- Advertisement -

Бұжы

556

- Advertisement -

Жаңа сойылған қойдың не ешкінің етін, іш майын, бауыры мен жүрегін майдалап турап, оған азғана ұн сеуіп, пияз, бұрыш, тұз қосып, әбден араластырғаннан кейін бүйенге не қарынға салады. Бүйеннің ашық ұшы жіңішке істіктермен түйреліп байланады да, суық су құйылған ыдысқа салынады. 1,5-2 сағат баяу қайнатып, бүйен жарылмау үшін әр жерінен тескілеп, ауасын шығарып, аударып отырады. Кей жерлерде бұл тағамды бұжбан деп те атайды. Дастарқанға суық күйінде қойылады. Бұжыны бұрын қадірлі қонақ келгенде, ұзақ жолға шыққанда, жауға аттанғанда пісіретін болған. Жолға алып шығу үшін тұзын басымдау салып, кептіргеннен кейін ғана пісірген.
«Асылды» деп айтылғанымен, қарынның ішінде демі шықпай піседі. Сөлі де нәрі өзінде қалғандықтан, ерекше дәмді болып шығады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support