- Advertisement -

Қаратаудай арманың зор болатын

148

- Advertisement -

(Арғынбай Бекбосынның рухына)

Парасаттың тізгінін қолға алатын,
Көш бастаған көсемдей толғанатын.
Қайран менің Арғынбай – асыл ағам,
Қаратаудай арманың зор болатын.

Сіре қардың көбесін сөгілдіріп,
Тітіретіп тауды да өкіндіріп.
Әрбір сөздің тірілтіп әруағын,
Рубаилар жазушы едің төгілдіріп.

Жол таба алмай адасып тамұқ таңда,
Тоқпағы мол тағдырдан тарыққанда.
Алашымның ардагер абызындай,
Ақыл-кеңес берген ең зарыққанда.

Қарт емендей дауылда шайқалмаған,
Ащы шындықты айтуға тайсалмаған.
Арашалап жаладан Асқаровты,
Алып шыққан түрмеден қайсар адам.

Мойынсұнып ажалдың жетегіне,
Кеттің аға, мәңгілік мекеніңе.
Көзімізді жеткіздің байлауы жоқ,
Бұл жалғанның бес күндік екеніне.

Алдаспандай ақ алмас өткір едің,
Атой салып қаламмен от күредің.
Жаратқанға жалынып жақсы ағаның,
«Жатқан жерін пейіш қыл!» – деп тіледім.

Шырын Мамасерікова,
ақын.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support