- Advertisement -

Келер жыл керім болар… қара да тұр!

89

- Advertisement -

Мехнат Теміртасқызы.

Бір құшақ құтын шашып далама дүр,
Келер жыл, керім болар… қара да тұр!
Ғасырдың тар құрсағын тепкілейді,
Ашам деп дүние есігін Шарана жыл!
Бұл жылы, жетім-жесір жыламасын.
Жақсылық жалғастырсын күн арасын.
Ешқандай жетім бала өткендерден,
Шырылдап ата-анасын сұрамасын!
Қазақтың қыздары арын сатпаса екен,
Аз емес, кетіп жатыр жатқа да есем.
Тулатып жатырынан шыққан сəби,
Көрінген қоқыстарда жатпаса екен.
Аталсын абыроймен аттары игі,
Кейбірі туғанын да жатқа қиды.
Жыл өтпей жабылса екен жабырқатпай,
Қарттарым жағалаған… «Қарттар үйі».
Ақ берен от-білекте тулағасын,
Қатерге тікті кімдер тура басын.
Қара ниет жау кіріп қонысыңа,
«Елім!» деп, енді Қазақ шуламасын!
Сен, Қазақ, қонақ келсе жəй табасың,
«Ақ» құйып, дұшпанды да қайтарасың.
Қырандай қияға ұя салған елім,
Ешкім де тұнығыңды шайқамасын!
Жаңа жыл болар деп сен… ғажабынан,
Қысыр ой қырын өтсін Қазағымнан.
Ас кетпей астауың мен табағыңнан,
Ырысың ортаймасын қазаныңнан!
Бір құшақ құтын шашып далама дүр,
Келер жыл, керім болар… қара да тұр!
Ғасырдың тар құрсағын тепкілейді,
Ашам деп дүние есігін Шарана жыл!

Жаңатас қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support