Оскар Де Ла Хойя: «Егер қазір Головкин — Альварес жекпе-жегін өткізсе, Канело гонорардың 90% әкетеді»
Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойя Головкин — Альварес жекпе-жегі дәл қазір неге ұйымдастырылмайтынын түсіндірді, деп жазды Sports.kz.
Оның сөзіне қарағанда, екі боксшының ақылы трансляциясын сатудағы айырмашылыққа байланысты қазір гонорар тең бөлінбейді.
— Бұл кездесу ертең болған жағдайда гонорардың 90 пайызы Канелоға тиесілі болар еді. Қазір мұндай келіссөздер жүргізу қиын екені анық, алайда уақыты келгенде осы жекпе-жекті бірге талқылаймыз. Өйткені бұл кездесуді барлығы тағатсыздана күтіп отыр, — деді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Comments are closed.