Еліміздің тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарын құрметтеу, дизайн индустриясының болашақ мамандарының көркем шығармашылығын дамыту және танымал ету, сондай-ақ, бейнелеу өнері саласындағы жас таланттарды анықтап, олардың одан әрі рухани, тұлғалық және кәсіби қалыптасуын қолдау мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бабалар мұрасы-2022» атты жасөспірімдер шығармашылығының байқауы өтті.
Байқау барысында «Көркем-бейнелеу өнері», «Графикалық сурет» және «Коллаж» номинациялары бойынша дизайн саласында креативті ойлайтын, талантты жастар анықталып, марапатталды.
Аталмыш іс-шара аясында жастардың әлеуетін ашу, авторлардың шығармашылық идеяларын ары қарай іске асыру үшін интерактивті алаң құрылды.
Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА
Comments are closed.