- Advertisement -

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті

32

- Advertisement -

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 26 наурыз сағат 08:05-тегі жағдай бойынша, Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам.

Сонымен қатар, 26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support