Әлеумет
Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты
- author «Ақ жол»
- 26 наурыз, 2020
- 145
![Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2020/03/2020_03_26_crop-169_20_1622x2163_pre.jpg)
Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты
Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.
«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ Президент коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.
«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!» деді Президент.
Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді