- Advertisement -

Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

11

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Меркі, Сарысу және Шу аудандарының тұрғындары жазылған.

Аймақ басшысы азаматтардың елді мекенге инфрақұрылым тарту, жаңа мектеп салу, тұрғын үймен қамту және қоғамдық көліктің жүру бағытын ретке келтіру және тағы да басқа сауалдарын, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша сұрақтарын тыңдады.

Ербол Қарашөкеев көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, заң аясында шешімін табатынын атап өтті.

Айта кетейік, қабылдауға жазылған азаматтардың сауалдары облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл бойынша жауапты сала мамандары жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support