- Advertisement -

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

21

- Advertisement -

Дүйсенбі, 23 наурыз күні Жамбыл облысының әкімдігінде жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысының төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары талқыланды.
«Ел Президенті коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдау бойынша бірқатар тапсырмалар бергені мәлім. Біздің міндетіміз — олардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, өңірдегі тұрақтылықты сақтау», — деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімінің орынбасарлары, Қордай, Жамбыл, Шу аудандарының әкімдері, жауапты мемлекеттік органдардың басшылары өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жұмыс орындарының қысқаруын және жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында жалпы сомасы 56,7 миллиард теңгеге 2058 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 158 жоба, денсаулық сақтау саласы бойынша 58, әлеуметтік қорғау саласы бойынша 13 және басқа да бағыттар бойынша түрлі жобалар бар. Бұл жобалар жүзеге асқанда 23 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде десек, олардың жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылмақ.
Қосымша қаражат бөлу арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43,2 миллиард теңгеге 460 жобаны іске асыру күтілуде. Ол 3450 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.
Қазіргі таңда облыс бойынша медициналық мекемелерде карантинге 25 адам жатқызылған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, талдау нәтижелері теріс нәтиже көрсеткен. Өңірде барлығы 1190 төсек-орын дайындалған десек, 758 медициналық қызметкер жұмылдырылған.
Резервтерде 300 мыңнан астам медициналық маска, 17 мың респиратор, 230 мың бір реттік қолғап, 9,5 мың медициналық костюмдер бар.
Аталған кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев облыс халқының денсаулығын сақтау және қорғау бойынша қажетті алдын алу шараларын қабылдау үшін барлық мемлекеттік органдардың өзара ұйымшылдықпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға және сауда желілерін отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен толтыруға ерекше назар аударудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, «Айша бибі» және «Қарасу» өткізу пункттерінде шекаралық және санитарлық бақылауды күшейту, онда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерді тепловизорлармен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігі, шекарада кептеліс туындамау үшін қажет болған жағдайда Кеден қызметкерлерінің санын ұлғайту керектігі айтылды. Тараз қаласының әкімдігіне қоғамдық орындарды, аялдама пункттерін, сауда және әлеуметтік нысандарды дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.
«Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 триллион теңгені немесе 10 миллиард долларды құрайды. Қала және аудан әкімдері жергілікті жерлерде халыққа және кәсіпкерлерге бизнесті қолдау және жұмыс орындарын сақтау бойынша мемлекет тарапынан қандай шаралар қолға алынып отырғандығын түсіндіру керек», — деп түйіндеді өз сөзін Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімдігі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support