- Advertisement -

Роатан аралында жекеменшік ұшақ құлады: 5 адам қаза тапты 

56

- Advertisement -

© ТСН

Гондурас құрамына кіретін Роатан аралында шетелдік бес турист отырған ұшақ құлады. Оқиға салдарынан ұшқыш та қайтыс болды, — деп хабарлайды Reuters жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, қаза тапқан адамдардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз. Елдің қарулы күштерінің өкілі қайтыс болған адамның төртеуі АҚШ азаматы екенін айтты, ал билік өкілдері қайтыс болған төрт адамның Канада азаматтары екенін айтады. Оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адам туралы мәлімет жоқ.

Ұшақ әуеге көтерілген кезде төмен қарай құлдилап, теңізге құлаған. Әуе апатының себебі әзірге белгісіз.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support