- Advertisement -

БЖЗҚ зейнетақы активтері портфеліндегі Әзірбайжан Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алу құнынан жоғары бағамен сатылды

34

- Advertisement -

ҚР Ұлттық Банкі шоғырландыру тәуекелін азайту, сондай —  ақ қолайлы нарық жағдайын ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын жартылай сату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары атаулы құнының 87,75 пайызы көлемінде жалпы сомасы 4,47 млн АҚШ долларына (немесе 1,68 млрд теңге) сатылды. Бұл көрсеткіш осы бағалы қағаздардың сатып алу құнынан жоғары.

Еске сала кетелік, аталған бағалы қағаздар зейнетақы активтерінің портфеліндегі 2014 жылы сатып алынған Әзірбайжан Халықаралық Банкінің облигацияларын ерікті қайта құрылымдау аясында Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбастау нәтижесінде алынған болатын. Айырбастау күніне қарай Әзірбайжан Халықаралық Банкі облигацияларының ағымдағы жиынтық бағасы 71,37 млрд теңгені, ал Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының құны есепке алыну күніне қарай 75,97 млрд теңгені құрады. Қайта құрылымдаудан түскен табыс түрінде айырбастау мәмілесінің арқасында қол жеткізілген оң көрсеткіш – 4,6 млрд теңге немесе 13,65 млн АҚШ доллары болды.

Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының бағасы «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің есебіне алынған күніне қарай атаулы құнының 87,26 пайызын құрады.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің портфелінде Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің АҚШ долларында номиналданған, ағымдағы жиынтық бағасы 83,48 млрд теңгені құрайтын 258 307 дана мемлекеттік бағалы қағазы бар болатын.

Сатылым жүзеге асырылған соң, 2019 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы активтерінің портфелінде Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жиынтық бағасы 84,92 млрд теңге болатын 253 307 дана мемлекеттік бағалы қағазы қалды

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support