- Advertisement -

Порошенконың әйелі Семейдің тумасы екен

32

- Advertisement -

Журналистер мұны да біліп қойыпты.

Сурет : strana.ua8 Сәуір 2019, 08:45

Украинаның «Страна» басылымы Украина ІІМ архивінен ел президентінің әйелі Марина Порошенко туралы қызықты фактілерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын Марина Порошенко Киевте дүниеге келген деп саналып келген.

Ал ІІМ дерегінше, бұрынғы Украина ССР-і денсаулық сақтау министрі орынбасарының қызы 1962 жылы Семейде дүниеге келген.

Кеңес заманында Семейде ядролық полигон орналасып, ондағы көптеген фабрикалар мен кәсіпорындар КСРО қорғаныс өнеркәсібіне жұмыс істеген. Ал Семейдің өзі жабық қала болатын.

Марина Порошенко туылған жылы қаланың жанында ядролық сынақтар белсенді жүргізілген.

Марина Порошенконың анасы – Людмила Николаевна Переведенцева совет заманында қорғаныс өнеркәсібіне қажетті өнімдер шығаратын Киевтегі «Арсенал» зауытында жұмыс істеген.

Оны ұзақ уақытқа Семейге командировкаға жіберген болуы керек.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support