- Advertisement -

Дарын мен қарын

95

- Advertisement -

Дарын мен қарын тел өсті,
Бұрыннан дұшпан емес-ті.
Аяқ астынан бір күні,
Жата қалып егесті.
Дарын айтты:
– Қарын, сені біліп жүрміз,
Білгеннен соң күліп жүрміз.
Нәпсіге тым жеңілсіңдер,
Барып тұрған жебірсіңдер.
Өміріңде тойым жоқ,
Тойсам деген ойың жоқ.
Сонда, қарын айтты:
– Дарын, сені білеміз,
Біз де байқап жүреміз.
«Ақылдымын, ғалыммын»,
деп жүрсің ғой «Дарынмын».
Шын мәніне келгенде,
Құлысың сен де қарынның.
Өйткені біз аш болсақ,
Басың да істемей қалады.
Тісің де тістемей қалады.
Ал біз тоқ болсақ,
Көңілің тоқ болады,
Ақылың көп болады, –
деп егесіп тұрды.

* * *

Жалпы дарын мықты ма,
Әлде қарын мықты ма?
Ойласаң мазаң кетеді.
Тек қарынға қызмет еткендер,
Дарынның түбіне жетеді.

Қайыпназар ШОТБАСОВ, «Мыртық мылтық» кітабынан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support