- Advertisement -

Елбасы жастарға: Әр адамды түсінуге және тыңдауға үйрену керек

39

- Advertisement -

Елбасы жастарға: Әр адамды түсінуге және тыңдауға үйрену керекҚР Президентінің телерадиокешені жариялаған мұрағаттық видеороликте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастары — дүниежүзінің азаматына айналғанын айтты,

«Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар — дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой!? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мәселен Африкаға барғанда «Мен қазақпын! Табыныңдар маған» деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба барып? Немесе Аустралияға, Америкаға, Еуропан мемлекеттеріне барасың. Қазіргі жастарымыз — дүниежүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, оларды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған болатын.

 

Дереккөз:kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support