- Advertisement -

Эфиопияда 157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

31

- Advertisement -

Эфиопияда 157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.

«Апат 08:44-те болды», — деп мәлімдеген компанияның өкілі.

Әуе компаниясының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақта жалпы 157 адам болған, соның 149-ы — жолаушы.

«Алдын ала таратылған ақпараттар бойынша, ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. Қазір жолаушылардың тізімін анықтап жатырмыз» делінген хабарламада.

Boeing 737 лайнері Найробиге бара жатқанда Оромия өңірінде, Дебре-Зейт елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support