- Advertisement -

Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды

40

- Advertisement -

Ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болатын.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше жауапты хатшы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұдан бұрын Асылжан Мамытбеков Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдар аралығында «ҚазАгро» холдингінің басшысы болған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support