- Advertisement -

«Адалдық алаңы» әділ басшыдан басталады

56

- Advertisement -

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында Астананың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін пайдалануды тапсырғаны белгілі. Өйткені бұл жоба тұрмыстық сыбайластықты жоюға және азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау үшін қоғамдық бақылау жүргізуді қалыптастыруға бағытталған.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында былтыр Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойған еді. Ондағы басты мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, бармақ басты, көз қысты әрекеттерге деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, аймақтағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру.
Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев бастаған жұмыс тобы іссапармен Жуалы ауданына барды. Тексеру барысында тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізетін мекемелердің, атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарының, аудандық орталық аурухананың, Б.Момышұлы ауылдық әкімдігі аппаратының жұмыстары сараланды.
Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімдігінде жиын өтті. Оған мекеме басшылары мен аудан кәсіпкерлері қатысты. Департаменттің басқарма басшысы Дәурен Омаровтың айтуынша, ауданда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетудің арқасында және кадр мәселесін шешуде оң нәтиже байқалған. Ал Равиль Қуанышбекұлы аудандағы мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыс уақыты аяқталған соң қарамағындағы қызметкерлерді заңнамада көзделгендей, үстеме жұмыстарға тартпауға шақырды.
Жиын соңында «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ның директоры Руслан Хамзабекпен «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімге қол қойылды.

Альмира Омарова

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support