- Advertisement -

Рождество мерекесімен құт тықтады

47

- Advertisement -

Православ христиан-дарының Рождество мерекесіне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Тараздағы орыс-православ шіркеуінде болды.
Бекболат Серікбекұлы православ христиан өкілдері алдында сөз сөйлеп, оларды діни мейрамдарымен құттықтады.
– Бүгін – Рождество мерекесі. Бұл мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні реніштер ұмытылып, көмекке зәру жандарға жәрдем көрсетіледі. Елімізде дінаралық татулыққа ерекше маңыз берілген. Сондықтан аталған мерекенің де маңызы үлкен. Елбасының көреген, дара саясатының арқасында мемлекетіміз сәт сайын дамып, қадамын нық басып келеді. Еліміздің, өңіріміздің өркендеуіне православ христиан өкілдерінің де қосып отырған үлесі зор. Сіздерді облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің атынан құттықтап, жақсылық пен береке, амандық тілеймін. Тілектеріңіз қабыл болсын! – деді Б.Орынбеков.
Мұнан соң орыс-православ шіркеуінің протериейі Юрий Власенко сөз сөйлеп, жиналғандарды Рождество мерекесімен құттықтап, православ христиан өкілдерінің қуанышына ортақтасқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке келушілер атынан алғысын білдірді. Сондай-ақ ол еліміздің өркендеуі ел Президентінің ерен еңбегі, сарабдал саясатымен жүзеге асып отырғанын, дінаралық татулықтың халықтар достығы мен ынтымағына зор ықпал ететінін айтты.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support