- Advertisement -

Маңызды құжат тағылымы

68

- Advertisement -

Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары – ең маңызды саяси хабарламалардың бірі. Әр Жолдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл біздің еліміздің жаңғыру мен жаhандану барысындағы қарқынды дамуымыздың себепші құжаты болып табылады. Мемлекет басшысы бұл жолы Қазақстанның экономикасына, әлеуметтік жағдайына, білім және ғылым саласына, туризм және спорт, көршілес елдермен татулық-толеранттылық, халық ассамблеясының атқаратын шаралары, транспорт коммуникациясы, ауыл шаруашылығын жандандыру, заң орындарының әділеттілігі, халық қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сапалы медицина, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, тұрғын үй құрылысы, еңбек нарығын дамыту, жастарды талаптандыру сияқты бірқатар ірі мәселелерді алға қойды.

Жолдаудағы еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту, барлық жағынан экономикалық өсімнің жолдарын қарастыру, білім мен ғылымдағы сапалы оқуды көздеу, педагогтердің «жүктерін» жеңілдету, ірі мемлекеттермен тәжірибе алмасу, зерттеулер жасау, жастарымыздың патриоттық рухын мықтау, мұғалімдердің статусын көтеру, жастардың өз елінің байлығын, әдемі табиғатын бағалауға баулу, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын қарастыру, ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылыстарының сапалылығы сияқты жүктелген біршама міндеттердің ішінде салықтың жеңілдетілгенін ерекше атап өткен жөн. Және салықтан себепті жағдайларға байланысты босатылғанымыз да едәуір көмек болды.
Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму Стратегиясы жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында іргелі реформалар жүргізілуде. Индустрияландыру саласын өркендету үшін де жүйелі жұмыстар атқарылуда. Елбасы агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керектігін де атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруды мақсат етеді.
Нұрсұлтан Назарбаев заңның құзыреттілігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын айтып өтті. Сол іспетті медицина саласына келетін болсақ та, Елбасы «киберпышақ», лазерлік емдеу, нүктемен емдеу сияқты жаңа инновациялық әдістерге тоқталды. Өзіміздің отандық дәрігерлеріміздің медицинаның қарқынды даму жолында жүрек ауруларына байланысты қаншама адамдарды құтқарып қалғандығын атап көрсетті. Сапасыз, пайдасы жоқ дәрілерді елімізге шетелдерден кіргізбеудің жолын қарастыруды кедендік орындарға тапсырды.
Білім саласына келсек, мектепке дейінгі балаларды оқыту методикасын жаңаландыру, білім сапасын арттыру, оқу кестесін жеңілдету, мұғалімдердің жүктемелерін азайту сияқты бірқатар көңіл қуантарлық мәселелерге шолу жасады. Өзін-өзі танытуда оқушылардың психологиясымен де жемісті, нәтижелі жұмыс жасайтын психолог-мамандардың білім сапасын арттыруды өзекті мәселе етіп алға қойды. Студенттерді еңбекпен қамтамасыз ету, ҰБТ-дан өте алмай қалған студенттерді жоғары оқу орындарына тиімді орналастыра білу тәрізді міндеттерді тиісті орынға қатаң тапсырды.
Ауылдық аймақтардан қалаға бет бұрған халықты қолжетімді баспанамен әрі жұмыспен қамтамасыз етуді де маңызды шаралардың бірі деп шешті. Сондай-ақ спортты дамыту, әрбір тұрғын үй ауласын спорттық алаңқайларға айналдыруды дұрыс деп санады. Сонымен бірге кемтарларға жағдай жасау, көршілес елдермен тату болу, қашықтықтан араласуды тоқтатып толеранттылықты сақтауды талап етті. Ішкі істер органдары қызметкерлеріне «Полиция жазаламайды, полиция көмектеседі» дегенді жақсы айтты деп ойлаймын.
Тағы бір айта кететін жайт – ауыл және қала жолдарын жөндеу.
Президентіміздің алға қойған талаптарының орындалатынына толық сенемін!

Мұхаббат ТҰРДИЕВА,
Махмұд Қашқари атындағы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support