«QYZMET_TARSU»

«QYZMET_TARSU»
ашық дереккөз
«QYZMET_TARSU»

студенттерге қызмет көрсету орталығы тиімді

Қызмет көрсетуде кезек күттірмейтін «Бір терезе» қағидатының қолданысқа енгізілгені тұрғындарға едәуір жеңілдік туғызғаны рас. Қазіргі таңда мұндай мүмкіндік студенттер қауымына да берілуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктерді қолдану негізінде аталған қағидат бойынша білім алушыларға уақтылы және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде биыл «QYZMET_TARSU» орталығы (БҚКО) ашылған-ды. Орталықтың негізгі міндеті – университеттің ақпараттық үдерістерінің ашықтығын дамыту, студенттерге көрсетілетін қызметтердің мәдениетін және сапасын арттыру. Жасыратыны жоқ, электронды форматта қызметтерді ұсынуға көшу нәтижесінде бизнес-үдерістерді оңтайландыруға, электронды құжат айналымы жүйесін дамыту арқылы қызметтерді ұсыну үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге ақпараттық және консультативтік көмек көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Түскен өтініштерге сәйкес анықтамалар мен құжаттарды тарату және есеп беру арқылы орталық бірқатар қызметтерді ұсына алады. Мәселен, транскрипт, белгіленген форматта академиялық және оқитындығы туралы анықтамалар беріледі. Сондай-ақ бір мамандықтан (мамандық бойынша) келесісіне ауысу және басқа оқу орнына ауысу туралы өтініштерге қатысты айналма парағын алу әрі құптау, дипломның, диплом қосымшасының түпнұсқасын, мұрағаттық туралы анықтама алу, ақшаны қайтару туралы, сонымен қатар жатақханадан орын алу енді онлайн жүйе арқылы жүзеге асырылады. Босатылған гранттық орындарға жарияланған конкурсқа қатысу, зейнетақы мен жеңілдіктер алу үшін де осы жүйені пайдалана алады. Алдағы уақытта орталықта көрсетілер қызметтер аясын кеңейту көзделуде. Қазіргі уақытта орталық қызметтің бес түрін көрсетеді. Ашылған күннен бастап орталықта «Platonus» ААЖ модулі пайдаланылмай, 1300-ден астам анықтама мен 3398 транскрипт шығарылды. «Platonus» ААЖ модулін пайдалануға ауысып, 1 қазанға дейін орталық 6000-ға жуық құжат өңдеп шығарды.

Наталья ЧЕРНЯВСКАЯ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тіркеу офисінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар