«Ақ жолыңа» жазыл, ағайын!

228

Ілияс Ахметов, ақын,
«Аq jol»-дың тұрақты оқырманы.

Елу жылдай келе жатқан сырласып,
«Ақ жол» менің ақылманым, досым да.
Әр бүкпесін өздеріңмен бірге ашып,
Жылда «Ақ жолға» жазыламын, сосын ба?

Келген санын оқып көрем кеште де,
Ниетіммен ұласа сап дәл аппақ.
Айналысар таппаған да ештеңе,
Тігіндісін қайта шығам парақтап.

Әр бетіне зейінімді батырып,
Ерте жатсам, көз сүзіппін азанда.
«Ақ жолымның» түбіртегін қатырып,
Қойғанмын мен қарасуық қазанда-ақ!..

Зады «Ақ жолым» басылым ғой кең құшақ,
Оқырманым, қара басын кем көрме.
Науқанына бетті бұрып мен құсап,
Атсалысып көрсеңдерші сендер де.
Сөйтейік те көкейменен көзі ашық,
Басымыз да тұрған жоқ қой жаяу-хал.
«Ақ жолымның» тұрған кезде сөзі асып,
Сөйтейік те, кеуде көзі ояулар?!
Бар білгенін көз алдыңа қотарған,
Бұл газетім зерделіңмен қошына.
Ешбіреуің қап кетпейсің қатардан,
Жазылсаңдар менің «Ақ жол» досыма.
Шаруа біткен малмен әуре, шарбақпен,
Маңдай терін күнде төккіш өр елім.
Ал «Ақ жолым» жағаласып бар БАҚ-пен,
Әрбіріңнің төріңе озған өрелім!..
«Ақ жолым» ба, еш шығармас елді естен,
Қане, сен де жалына оның жармасқын,
«Ақ жолым» ба, саясатпен селбескен,
Кәдімгідей қамқоршысы әр бастың.
Ұшқыр «Ақ жол» әр тарапқа шапқылар,
Кеңесерлік керуені боп аймақтың.
Нені іздесең, бір шетінен табылар,
Жайбарақат әр тұтамын жай баққың.
Таба аласың танымның да қажетін,
Тап басасың көңіліңнің де керегін.
«Ақ жол» менің, «Ақ жол» сенің газетің,
Жүр осында қарекетің, дерегің…
Бәріміз де оқырманның біріміз,
Газет бізге не жайында үндеді?
«Ақ жол» – біздің сөзге айналған түріміз.
«Ақ жол» – біздің келбетіміз күндегі.
Келбетіне… сен де өзіңше қарап қал,
Мен де өзімше әрбір қырын бағайын.
Газетте ғой бар жаңалық, бар ақпар,
Сол себепті «Ақ жолға» тез жазылып,
Үлгерейік шетімізден, ағайын!?

Жуалы ауданы.

Comments are closed.