Биыл 100-ден астам солтүстікқазақстандық шетелдіктермен некелерін қиған

79

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 2886 отбасы шаңырақ көтерсе, солардың 153-шетелдік азаматтармен некелерін қиған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрмыс құратын қыздардың орташа жасы 29 болса, жігіттер қазір негізінен орда бұзар жасқа келгенде ғана үйленуге ниеттенеді екен, яғни 31 жасында шаңырақ көтеруге әзір.

Сондай-ақ, облыста ерлі-зайыпты аталғандардың ең жасы — 16-да болса, енді бір солтүстікқазақстандық 78 жасында отбасын құрған. Өкінішке орай, ажырасулар азаймай отыр. Былтыр 2003 отбасының шаңырағы ортасына түскен. Биыл он айдың ішінде АХАТ органдары 1711 жұптың өтініштеріне байланысты некесін бұзған. Мұндай қадамға жаңадан үйленгендер емес, өмірдің ыстық-суығын бірге көріп үлгергендер барады екен. Олардың орташа жасы — 36-38-де.

 

kazinform.kz

 

Comments are closed.