- Advertisement -

Іскер жастарға қолдау көп

84

- Advertisement -

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында палата жанындағы кезекті оқыту курсы аяқталды. Нәтижесінде 60-тан астам тыңдаушы оқыту, үйретуден өткендігі туралы сертификатқа ие болды. Олардың ендігі жерде гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға да құқықтары бар. Әрі жобалар жәрмеңкесі барысында өздерінің бизнес-идеяларын қорғайтын болады.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-бапкері Гүлмира Метерова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау көрсету қоры өте тиімді екенін, қордан арнайы сайт арқылы кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу, салық салу және әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп, бизнес жоспарды әзірлеу және банктерден сүйемелдеу бойынша қызметтер мен кеңестер алуға болатынын айтады.
Қысқасы, кәсіпке бейім жастарға көрсетілер қолдаулар көп-ақ. «Ғылыми тәсілге негізделген тиімді бизнесті ынталандыру мақсатымен алғаш рет Талдықорған, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының жастары арасында «Жас ғалым – 2018» өңірлік байқауын да өткізгелі отырмыз. Қазірдің өзінде 50-ден астам өтінім жиналды. Енді ғылыми-инновациялық жобалар бағалау жосығынан өтуге тиіс», – дейді осы тұрғыда жас кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Айнұр Зауырбекова.
Оның айтуынша, бұл іс-шаралар облыс әкімдігі ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы мен басқа да қаржыландыру көздері есебінен ұйымдастырылмақ. Өңірлік байқауға 14 жастағы қатысушылар да бар екен.
Жамбыл жастарының инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін анықтау, жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту және олардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін арнайы жүзеге асырылатын «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы осылай өзінің тиімділігін де көрсетуде.

«Aq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support