- Advertisement -

Сүт безі обырынан сақтанайық

86

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Ол алдымен әлемдік статистикаға назар аударды.
Әлем бойынша жылына 1 миллион 250 мың жаңа сүт безі қатерлі ісігі тіркеледі. Оның 55 мыңы Ресейде, 5 мыңға жуығы біздің елімізде есепке алынған. Соңғы тоғыз айдың қорытындысы облысымызда 7017 онкологиялық ауру бар екенін анықтап отыр. Оның 1133-і жаңадан анықталған. Онкологиялық аурудан 2017 жылы – 60, биыл 38 адам көз жұмған. Бұл факты өлім көрсеткіші азайғанын көрсетеді. Ал біздің өңірде сүт безі қатерлі ісігімен 1368 әйел есепте тұр. Бұл дертті қалай азайтуға болады? Әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болуы, 30 жастан асқан әйелдердің жылына бір рет жергілікті емханадан тексеруден өтуі аталған кеселді ерте анықтауға мүмкіндік береді екен.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 қарашадағы №995 бұйрығы бойынша сүт безі қатерлі ісігін, жатыр мойын қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтағы әйелдердің саны 30 бен 70, 40 пен 70 жас аралығы болып есептеледі. Ал тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтың жасы 50 мен 70 жас аралығын қамтиды. Онкологиялық аурулардың І және ІІ сатысы бойынша ерте анықталған кеселді емдеуге мүмкіндік бар көрінеді. Онкологиялық аурулардың төмендігі Қордай, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында байқалады.
Жиын соңында Абай Құралбекұлы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support