- Advertisement -

Алферов: Мемлекеттік мекемелер шетелдік автокөліктерді сатып алуды азайтты

92

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов 9 айда мемлекеттік органдар 16,6 млрд теңгеге көлік сатып алғанын мәлім етті.

 

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар машинаны сатып алуға қаражатты аз жұмсайтын болыпты.

«Биыл мемлекеттік мекемелер жалпы сомасы 16,6 млрд теңгеге автомобиль сатып алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік мекемелердің көлік сатып алуға қаражатты азайтқанын көрсетеді. Яғни өткен жылы олар осы мақсатқа 26,6 млрд теңгені жұмсаған», — деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Олег Алферов мемлекеттік мекемелер арасында жол таңдамайтын Lada 4×4, Lada Vesta, Skoda Оctavia және JAC S5, KIA Сerato көліктеріне сұраныс жоғары екенін хабарлады.

Осы орайда төраға мемлекеттік мекемелер шетелдік автокөліктерді сатып алуды азайтқанын мәлім етті.

«Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 2667 отандық және шетелдік өндірушілердің автомобильдерін иеленді. Қызмет бабымен сатып алатын шетелдік автомобильдердің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 12%-тен 4%-ке азайды. Яғни мемлекеттің мекемелердегі қызметтік автомобильдердің 96%-і отандық өнім», — деп түйіндеді сөзін Олег Алферов.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support