- Advertisement -

Жұмысшы мамандықтарға тапсырыстың артуы колледждерге сұранысты көбейтті — БҒМ

86

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіби білім саласындағы жеткістіктерді атады.

«2017 жылдан бастап жұмысшы мамандықтарды оқыту тегін. Мәселен, 2017 жылы жұмысшы мамандықтарға 100,8 мың адам қабылданды, ал 2016 жылы 75 мың қабылданған болатын. 2017 жылы қысқа мерзімді курста 71 мың адам оқыды, 2016 жылы 5,7 мың оқыған еді. Мемлекеттік тапсырыстың артуы соңғы 5 жылдағы колледж оқушылары контингентінің қысқаруы сияқты жағымсыз трендті 4%-ға тоқтатуға мүмкіндік берді», — деді Білім және ғылым министрлігінен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы бағдарламалардың 100% жұмысшы мамандықтарды қолдаумен айналысатын «WorldSkills» халықаралық қауымдастық стандарттарына ауыстырылған.

Қазақстан 58 мемлекет арасында WorldSkills-2017-де жиырма төртінші орын алған. Бұл WorldSkills-2015-пен салыстырғанда 26 көрсеткішке жақсы.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support