- Advertisement -

Астаналық спортшы қол күресінен екі дүркін әлем чемпионы атанды

82

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ. Түркияда армрестлингтен өткен Әлем чемпионатында Еркін Әлімжанов екі алтын жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Елордалық «Жігер» спорт клубының тәрбиеленушісі халықаралық додада ардагерлер арасында 75 кг салмақ санатында өнер көрсетіп, оң және сол қолмен күш сынасуда бірінші орын алды.

Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды, ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды.

ҚР Спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 кг салмақ санатында оң қолмен күресте қола жүлдені қанағат тұтты.

Армрестлингтен Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында 12-21 қазанда өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300-ге тарта спортшы бәсекеге түсті.

Турнирде ең үздік нәтижелер көрсеткен Қазақстан құрамасы жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші және ересектер арасында екінші орын алды.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support