- Advertisement -

Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Түркияда өтуі мүмкін

93

- Advertisement -

Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Түркияда өтуі мүмкін

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат — Түркия 2024 жылғы футболдан өтетін Еуропа чемпионатын қабылдауға ниетті. Бұл жөнінде Анадолы агенттігіне УЕФА директорлар кеңесінің мүшесі және Түркия Футбол федерациясы басшысының орынбасары Сервет Ярдымджи мәлім етті.

«Түркияның футболдан Еуропа чемпионатын қабылдайтын уақыты келді. УЕФА Түркияның кандидатурасын мақұлдайды деп сенеміз», — деді Ярдымджи.

Оның айтуынша, Түркия Футболдан ЕЧ-ға төртінші рет өтініш тастаған.

«Дәстүрді өзгертетін уақыт келді. Еуропа чемпионатын Еуропа елдерінің бірі емес, Түркия қабылдауы тиіс. Түркияның стадиондары Германиядағыдан да жаңа. Матчтар 10 стадионда өтеді, олардың сегізі әлдеқашан дайын болған. Түркия аумағында жанкүйерлер үшін көліктер тегін болады. УЕФА Германияға қарағанда, Түркиядан көбірек қаражат түсіреді», — деді Ярдымджи.

Бейсенбі, 27 қыркүйекте УЕФА-ның Атқарушы комитеті ЕУРО-2024-ті қабылдайтын елді таңдайды. Үміткерлер арасында тек екі мемлекет қана бар. Германияның Футбол одағы мен Түркияның Футбол федерациясы 2018 жылғы сәуір айында турнирді өткізуге өтініш білдірген болатын.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support