- Advertisement -

Бөбекжай – балалар игілігіне

123

- Advertisement -

Бизнесмендердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырудың арқасында өңіріміздегі жекеменшік балабақшалардың саны артып келеді. Бұл – көңіл қуантарлық жаңалық. Мұндай мекемелердің қатары көбейсе, балабақша кезегі қысқарады. Нәтижесінде балғындарды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту көрсеткіші жақсарады. Жақында Аса ауылындағы «Бәйтерек» тұрғын үй алқабында бой көтерген «Ертегі» бөбекжайы пайдалануға берілді.
Мектепке дейінгі мекеменің ашылу салтанатына аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысты. «Ауданымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында «Ертегі» бөбекжайы ашылып отыр. Соның арқасында аудандағы балабақша кезегі 75-ке азайып отыр. Өз қаражатын жұмсап, осындай сән-салтанаты келіскен бөбекжайды тұрғызған кәсіпкерге алғыс білдіргім келеді», – деді Рүстем Бегалиев салтанатты шарада.
– Бұл бөбекжай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде бой көтерді. Құрылысты сәуір айында бастағанбыз, жаңа оқу жылы басталғанша үлгеруге ұмтылдық. Нысан 75 балаға арналған. Басқа мектепке дейінгі мекемелерден ерекшелігі балаларды 1 жастан бастап қабылдайтынымызда. Бұл жерде оқу және тәрбие үдерісі үш тілде жүргізіледі, – дейді бөбекжай меңгерушісі Дамира Дармағамбетова.
Енді 75 бүлдіршін балабақшаға барып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылса, баласын бөбекжайға берген ата-аналарға қайта жұмысқа шығуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жаңа нысанда жаңа жұмыс орындары ашылатыны тағы бар.

Дүйсенбек Орманов,
журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support