- Advertisement -

Шуақ шашқан «Шұғыла»

207

- Advertisement -

Биылғы оқу жылының қарсаңында Тараз төрінде тағы бір білім беру орталығы ашылды. Бәсекеге қабілеттілікті басты меже етіп ұстанған елдің білімді де білікті ұрпағын қалыптастыруды мақсат тұтқан «Шұғыла» білім беру орталығында оқушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Орталық директоры Маржан Нұрманбетованың айтуынша, мұнда мектепалды даярлық (қазақ және орыс топтары), ұзартылған күн топтары, математика, қазақ және ағылшын тілінен репетиторлар жұмыс істейді, математика, физика, химия, биология, тарих пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындық жүргізіледі.
– Ұстаздар құрамына да аса үлкен мән бердік. Себебі балаға барлық жағдайды жасағаныңмен бағыт-бағдар беретін ұстаз осал болса, еткен еңбектен еш нәтиже шықпасы белгілі. Сондықтан да ұстаздар құрамын ұқыптылықпен таңдадық. Білім саласында көп жылдық тәжірибесі мен жетістіктері бар мұғалімдер дәріс береді. Орталық толықтай жаңа технологиямен қамтамасыз етілген. Балалардың сабақ арасында сергіп, ойларын тынықтыру үшін ұлттық ойын түрлерін насихаттайтын арнайы ойын-сауық бөлмесі де бар. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы тасымал көлігі де қарастырылған. Яғни әр баланы мектебінен немесе үйінен әкетіп, қайтып жеткізіп береміз, – дейді Маржан Жұмажанқызы.
Орталықтағы оңды істерге оқушылардың ата-аналары да риза. Мәселен, Меруерт Алтынбекқызы: «Біз үшін орталықтың қызметі ыңғайлы болып тұр. Мұнда балаларымыз сабақтан соң келіп кешке дейін қосымша білім нәрімен сусындайды. Өзіміз секілді жұмысбасты ата-аналар үшін бұл өте тиімді. Себебі балам сабақтан соң қайда, немен айналысып жүр деген сұрақ мазаламайды. Оның үстіне бүгінде мектептегі оқу бағдарламалары да қиындау. Сондықтан осындай орталықтар арқылы баланың білімін қосымша жетілдіріп отыру өте тиімді деп ойлаймын.

«Aq jol — Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support