- Advertisement -

Израиль Газа секторымен арадағы өткізу пунктін жапты

235

- Advertisement -

Жұма күнгі қақтығысқа байланысты Израиль Газа секторымен шекарадағы “Эрез” бақылау-өткізу пунктін жапқан. Пунктің қашан ашылатыны әзірге, белгісіз. Қазір шекараны тек медициналық көмекке зәру азаматтар мен Газаға оралғысы келген Палестина автономиясының тұрғындары ғана кесіп өте алады.

Израиль мен Газа секторы арасындағы өзге екі пункт жүктерді тасымалдауға арналған.

Бұған дейін Палестина басшысы Махмуд Аббас автономия тұрғындарын аймақ тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін Израиль билігіне «күш қолданбай» төтеп беруге шақырған. Ол сонымен бірге АҚШ Иерусалимде ашқан елшілігін жаппаса, АҚШ-пен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеген.

Соңғы айларда Израиль мен Газа секторы шекарасындағы жағдай ушығып кеткен. Израиль әскерилері 18 тамыз күні палестиналықтардың өздеріне қарсы жарылғыш зат лақтырғанын, оған жауап ретінде әскерилер оқ атқанын хабарлаған. Қақтығыс кезінде екі палестиналық қаза тапқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support