- Advertisement -

Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар 

341

- Advertisement -

Ақмола облысында 2 мыңнан астам бала құлтемір құрастырумен шұғылданады.

Бүгінде аймақта 119 робототехника кабинеті бар. Өңірде қазір тың технологияға қызығатын оқушылар да, оларға қажетті орындар да көбейіп келеді. Мәселен, жақында ғана өндірістік Степногор қаласынан 3D жобалау және робототехника кабинеті ашылды. Енді жаңа оқу жылынан бастап мұнда 100 бала құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгере алады. Қазірдің өзінде үйірмеге келіп жүрген оқушылардың жетістіктері жаман емес. Жергілікті балалар, әсіресе, өндіріске қажетті, өлкеге пайдасы тиетін құлтемір құрастырғылары келеді.

Владимир Аксенов, робототехника нұсқаушысы:

— Бұл балаларға қызық. Оларға бізде еркіндік беріледі. Өз қалауы бойынша робот құрастырады. Арманымыз – өндіріске де, қала тұрғындарына да пайдалы болатын құлтемір шығару. Кейбір жобаларымыз да дайын. Енді соларды іске асыру керек.

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support