- Advertisement -

Баспасөз шұрайлы тілімен бағалы

160

- Advertisement -

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізді. Жиында облыстық, қалалық, аудандық басылымдарға сараптама жасалды.
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова бұл шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Жиында алғаш сөз алған журналист Мақұлбек Рысдәулет облыстық газеттерге жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесін назарға ұсынды.
– Биыл облыстық «Aq jol» және «Аraı», қалалық «Jambyl-Taraz» газеттерінің үстіміздегі жылғы тігінділерін парақтадым. Шын мәнінде бүгінгі таңда тіл байлығын дамытуда бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны айрықша. Оқырманды баурап алуда тіл шұрайлылығы алдыңғы қатарға шығады. Көтеретін тақырыбыңыздағы айтар ойды жеткізу үшін тіл құнарлылығы аса қажет.
Ойлары орамды, сөздері шұрайлы журналистердің немесе олардың қорытқан материалдарын оқи отырып, еріксіз толғанасыз, ойланасыз. Жоғарыда аты аталған басылымдарда көркем ойлы материалдар жеткілікті. Өкінішке қарай, кейде орынсыз қолданылатын тіркестер де кездесіп қалады, – деді ол өз ойын қорытып.
Бұдан соң аудандық газеттер туралы филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ ой өрбітті.
Еркін пікір өрбіген басқосуда «Jambyl-Taraz» газетінің орыс тіліндегі нұсқасы, «Знамя труда» басылымы туралы да ой-пікір айтылды.

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support