- Advertisement -

Ауылдарды газбен қамту жалғасуда

222

- Advertisement -

Киелі Әулиеата өңірінде 377 елді мекен бар. Бүгінде оның 181-іне «көгілдір отын» жеткізілген. Ал магистральдық газ құбырынан 50-100 шақырымнан алыс орналасқан және халқының саны аз 23-і газдандырылмайды. Бұл енді экономикалық талаптарға сәйкес, қазіргі таңда мүмкін болмай тұрған жағдай.

2008 жылы облыс бойынша тауарлық газды тұтынатын елді мекендер саны 48 бірлікті құраған болса, бүгінгі күні жоғарыдағыдай нәтижеге қол жетіп отыр. Бұл – 10 жыл ішінде барлығы 113 елді мекен газдандырылды деген сөз.
Ал 2018-2025 жылдар аралығында 173 ауылды газдандыру жоспарлануда. Оның ішінде Байзақта – 21, Жамбылда – 16, Жуалыда – 19, Қордайда – 29, Меркіде – 6, Мойынқұмда – 12, Сарысуда – 18, Таласта – 14, Т.Рысқұловта – 20, Шуда 18 елді мекен жоспарға енгізілген.
Облыс тұтынушыларын газдандыру мақсатында 2017 жылдан биылғы өтпелі екі жоба іске асырылуда. Олар Талас ауданының 5 (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) елді мекеніне газ келтіретін құбырлардың құрылысы және Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» ГРС-сы. Аталған жобалардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады.
Биыл, сондай-ақ Тараздағы ГРС-1, ГРС-2 газ реттеу стансаларын қаланың сыртына шығарып соғуға, Байзақ ауданының – 21, Жамбыл ауданының – 13, Шу ауданының – 18, Талас ауданының 3 елді мекеніне газ жеткізу құбырларының құрылысына қажетті қаржы қарастыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.

Бақтыбай Қырықбаев,
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support