- Advertisement -

Әлеуметтік мекеме қызметкерлері арқаны кеңге салмасын

161

- Advertisement -

Қоғамның әлеуметтік аз қамтылған тобының жай-күйі қашанда билік назарында. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы қызмет алушылардың жағдайымен танысты. Мекемелерге тосыннан барған өңір басшысы орын алған кемшіліктерді көзбен көріп, жауаптыларды сын тезіне алды.

Асқар Исабекұлы «Үміт» арнайы бөбектер үйінде болып балғындардың жай-күйімен танысты. Бүгінде бес жасқа дейінгі жетпіске жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан мекеменің кейбір қызметтері талапқа сай болмай шықты. Облыс әкімі мекеменің асханасына бас сұғып азық-түлік тағамдарының жетіспеушілігін байқап, мекеме басшыларын сұрақтың астына алды. «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін қазақ даналығына құлақ аспаған басшылар мен тиісті қызметкерлер мардымсыз жауап беріп, мән-жайды түсіндіре алмай әбігерге түсті. Өңір басшысы олқылықтың орын алуына жол берген тұлғалардың жұмысын сынап, кемшіліктің қайталанбауын, тазалыққа да барынша ден қоюды қатаң ескертті.
Мұнан соң облыстық жасөспірімдер үйінің, №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының және Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің жұмысымен танысқан А.Мырзахметов бірқатар жайттарға куә болды. Өңір басшысының тосыннан келуін күтпеген мекеме қызметкерлерінің абдырап, әуре-сарсаңға түсуі де көңілге қаяу түсірді. Атап айтар болсақ, 170 адамға қызмет көрсетіп отырған №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында сырқаттанған қарттардың ем-домына қажетті дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі көңілді күпті етті. Қариялар өңір басшысына инватакси керектігін айтса, Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері монша салып беруін өтінді. Асқар Исабекұлы қызмет алушылардың тілек-өтініштерін орындауға ықпал ететінін, оны алдағы уақытта бюджет қаралымына енгізуге тырысатынын жеткізді.
Осылайша ойда жоқта әлеуметтік аз қамтылған, мемлекет қарауындағы балалар, қарттар және жасөспірімдер үйінің жұмысымен танысқан өңір басшысы қоғамның бұл тобы әр уақытта да мейірімге мұқтаж, оларға аялы алақан, қамқорлық қажет екенін тілге тиек етіп, бұл орайда көрсетілер қызметтің де мінсіз болуын қадап айтты. Жауапты басшылар мен саладағы қызметкерлер тек арнайы тексеріс кезінде ғана емес, үнемі талапқа сай еңбек етсе, игі еді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support