- Advertisement -

САМАТ – ЕҢ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР

145

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының биылға арналған іс-шараларының кешенді жоспарына сәйкес, «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтақ кәсіподақтар бірлестігі аймақтық салалық кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, «Жамбыл электр желілері» ЖШС-ның мәжіліс залында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» аймақтық конкурс-байқауын өткізді.

Конкурсқа облыстық білім және ғылым, ақпарат, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсету салалары, химия өндірісі және электрмен жабдықтау саласы кәсіпорындары мен мекемелерінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары қатысты.
Қазылар алқасы сайысты қорытындылай келе үздіктерді анықтады. Нәтижесінде «Еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспектор» деп «Казэнергокәсіподақ» қоғамдық бірлестігіне қарасты «Жамбыл электр желілері» ЖШС кәсіподақ ұйымы атынан түскен осы кәсіпорынның техникалық инспекторы Самат Орымбаев танылып, бірінші орынды иеленді, ал екінші орынды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің техникалық инспекторы Ақсәуле Садықова қанжығасына байлады. Жүлделі үшінші орын «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар зауыты»» Тараз филиалының кәсіподақ ұйымы додаға қосқан техникалық инспектор Нұржан Әмірбековке бұйырды.
Сонымен қатар бұл жарыста жоғары белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсете білген «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымы» филиалының және «Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының техникалық инспекторлары Бекжан Оразбеков пен Дархан Сүгірәлиев те облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген басшылық еткен қазылар алқасының назарынан тыс қалмады.

Амангелді АБЫЛАШҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support