- Advertisement -

Іскер әйелдердің ілкімді істері

192

- Advertisement -

Іскер әйелдер қоғамдық-саяси өмірде де белсенді. Жаңғырудың жаңа кезеңінде барлық бастамаға үн қосып, ілкімді істерімен үлгі көрсетіп жүрген олар кезекті рет бас қосып, Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген негізгі бағыттар мен міндеттерді іске асыру жолдарын талқылады.
«Рухани жаңғыру: іскер әйелдердің ілкімді істері» тақырыбында өткен кезекті отырысын қауымдастық төрайымы Гүлдара Нұрымова жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша өңіріміздегі саясаткер әйелдер клубының төрайымы Гүлсін Орынбаева баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Негізі іскер әйелдер қауымдастығы бірнеше бағытта жұмыс жүргізеді. Рухани жаңғыруға бастайтын жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға қауымдастықтың үш қанаттағы – «Ел ана», «Қанатты әйелдер», «Жас қанаттар» ұйымдарының қосар үлесі көп. Себебі бұл жүйе ұрпақтар сабақтастығының желісін үзбеуді көздейді.
Жиында іскер әйелдердің имиджі, өзін-өзі дамыту және тағы басқа бағыттар бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Сондай-ақ ұйымдастыру мәселелеріне байланысты сұрақтар талқыланды. «Біз қазірден 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне дайындықты бастап кеттік. Биыл атаулы күн қарсаңында өткізетін қайырымдылық акциясын қолға алғанымызға 10 жыл толады. Жыл сайын бізге мүмкіндігі шектеулі, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан, аз қамсыздандырылған отбасылардағы 200-дей жеткіншек өздерінің арман-тілектерін жазып, хат жолдайды. Біз сол армандарын орындаймыз. Бұған іскер әйелдер, кәсіпкерлер, депутаттар, банк, тіпті мемлекеттік қызметкерлер де атсалысады. Биыл бұл шараны 31 мамырда өткізуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек жылда ұйымдастыратын жылжымалы әлеуметтік дүкен қайырымдылық жәрмеңкесі бар. Осындай игі шараларға биыл тағы біреуі қосылып отыр. Мамыр айының соңына қарай өткізуді жоспарлаған шарада жас аналарға кеңестер беріледі және әртүрлі қызықты басқосулар өтетін болады», – деді қауымдастық төрайымы Гүлдара Алданышқызы.

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support