- Advertisement -

Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде бизон төлдеді

190

- Advertisement -

Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде бизон төлдеді, деп хабарлайды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

«Бүгін Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде жартылай еркіндікте сақталынып келе жатқан бизон төлдеді. Бұл табиғатта өте сирек кездесетін жағдайдың бірі» — деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында.

Айта кетсек, бизон — Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар. Бизон — дене бітімінің үлкендігі мен физикалық қуат күшінің молдығымен ерекшеленетін, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы. Бизонның аталығы дүниежүзіндегі жануарлардың ішіндегі ең ірісі болып саналады.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support