- Advertisement -

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

151

- Advertisement -

Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымыздың мәселесі парламентте енді ғана көтеріле бастады. Әйтпесе президенттің алдында айтылған бұл арыздан бері 8 ай өтті. 

Жат жерде көрмегені жоқ қорғансыз қазақтардың мәселесі әбден ушыққан тұста, депутататр «құқықтарын қорғау керек» деп, үн қатып жатыр. Үкімет пен парламент оянғанша Қытай билігі өз жеріндегі қазақтарды былай қойып, Қазақстанның 11 азаматын да тергеуге алыпты.

«Қандастарымыз босып кетті ғой. Қиналып жатыр ғой. Шын мәнінде қиналып жатыр. Не істерімізді білмейміз.Оған бір тепсініп айтуға да халықаралық жағдай онша келе бермейді. Бірақ, осындай нәрселерге жеңілдікпен қарауға. Кейде рас заңды, бірақ сонда да әділетсіз болып жатады біздің жағдайымыз«, — дейді парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік тергеу алынған Қазақстанның 11 азаматының 4-і елге оралған. Қалған 7 отандасымыздың тағдырын Сыртқы істер министрінің орынбасары 17 сәуірдегі Үрімжіге сапары барысында шешпекші.

Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы қазақ диаспорасының мәселесін де қозғаймын деп уәде беріп кетті.

Дереккөз: nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support